25 Желтоқсан 2018
495

Біз туралы

 

Жалпы Салынған жылы – 1979 ж

 

сипаттамасы:Оқу ғимараты  – типтік;

 

Меншік түрі – мемлекеттік

 

Оқу ғимаратының жобалық қуаттылығы,

 

оқушылар орындары – 560

 

Барлық мамандықтар саны – 12

 

Колледж туралы жалпы мәліметтер

 

Жалпы компьютерлер саны – 226. Оның ішінде 28-і «Ноутбук» . Компьютерлерді Интернеттің кең жолақты желісіне қосылған. Сондай-ақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің ақпараттық технологиялар кафедрасымен бірлесе отырып, «АСУ-лицей», «Асу-кадр» бағдарламалары енгізілді. «Веб-сайт» ашылды, мәзір жасалынып, тұрақты жұмыс жүргізуге бағытталған іс-әрекеттер орындалуда.

 

Білім беру мен дағдысын қалыптастыру 18 оқу кабинеті, 6 зертхана, 6 шеберхана арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда колледжде 11 мамандық бойынша 772 оқушы білім алуда. Оларға 68 инженер-педагог, 24 мұғалім, 38 өндірістік оқу шебері дәріс береді. Қызметкерлердің 85 пайызы жоғары білімді, 15 пайызы арнаулы орта білімді. 24 оқытушы жоғары білімді, 5–і жоғары санатты, 9-ы – бірінші санатты, 8-і – екінші санатты. 18 өндірістік оқу шебері жоғары білімді, 18-і – арнаулы орта білімді, 1-і – жоғары санатты, 7-і – бірінші санатты, 8-і – екінші санаты. Инженер-педагогтардың орташа жасы ерекшелігі 39,9 құрайды.

 

Оқу-материалдық базаны нығайту бағытында жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Кітапхана жаңа үлгі бойынша қайта жарақтандырылды, көркем және арнаулы әдебиеттермен толықтырылды, компьютерленген оқу залы, интернет жүйесіне қосылды, медиатека жұмыс жасайды.

 

Колледж ауласы саялы ағаштардан көрінбейді, гүлзарлар , бөлме гүлдері өсірілген, қосалқы шаруашылықты дамыту, бау-бақша дақылдарын егу, күріш егу, көшет дайындау, жылыжай арқылы жүзеге асырылып келеді. Соның нәтижесінде «Үздік аула» облыстық байқаудың қорытындысы аясында колледж ұжымы жүлделі бас орынға ие болып, жеңімпаз атанды.

 

Негізінен колледждің материалдық-техникалық базасы көп жылдан бері жасақталып, оқытушылар ұжымы тәжірибесі мол, мамандықтарына қарай кәсіпорындарда тәжірибе жинақтаған өндірістік оқу шеберлері, педагогикалық ұстаздардын сәйкестігіне қарай құрылған.

 

Инженер-педагогтар әдістемелік ізденіс үстінде. Сондай-ақ, кәсіби ақпарат құралдарында ұстаздар тәжірибесі мақалалары арқылы жиі көрініп тұрады. Әдістемелік кеңес колледжішілік ізденістер орталығына айналып отыр. Шығармашылық топтар құру арқылы оқу-өндірістік жүйенің өзекті бағыттары бойынша іргелі зерттеулер өткізілуде. Кредиттік жүйені енгізу проблемалары, зачеттық бағытты игеру, өндірістік оқуды жаңа технологиялық тұрғыда түрлендіре өткізу т.б. іргелі мәселелер зерттеліп, өндіріске енгізілуде. Ұстаз беделін арттыру, қолдау көрсету бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Инженер-педагогтар толық жүктемемен қамтамасыз етілген. Қосымша төлемдер толығымен төленіп келеді. Жыл сайын «Озат мұғалімі», «Озат өндірістік оқыту шебері» байқауы өткізіліп, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен көтермеленеді. Сондай-ақ, жұмыстағы жемісті әрекеттері, тыңғылықты ізденісі, өзіне жоғары талап қоюын бағалай отырып, «Сенімге ие болу» статусын беру ұстаздар арасында жаңа ұмтылыс тудыруда. Осы жұмыстардың оң нәтижесі және 2011 жылдың қорытындысы бойынша – Облыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кәсіби білікті мамандар даярлаудағы үлгілі әдістемелік жұмыстары және «Кәсіптік лицейлердің үздік әдістемелік қызметі» атты облыстық байқауда ІІ дәрежелі дипломмен марапатталуда.

 

Мәдени бұқаралық және спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін колледжде қажетті жағдайдың барлығы жасалынған. Түрлі спорт түрлерінен секциялар жұмыс жасайды. Студенттер мен оқытушылардың дәстүрлі спартакиадалары өтіп тұрады. Колледж спортшылары бірнеше рет қалалық жарыстарда жеңімпаз атанды. Жастардың өзін-өзі басқару органының ұйымдастыруымен білім алушылар мәдени-қоғамдық іс-шараларға белсене араласып келуде.

 

Колледж оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері де кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша өткізілген қалалық, облыстық байқаулардың жүлделі орындарынан құралақан емес. Осы жетістіктер колледж ұжымындағы қызметкерлердің кәсіптік біліктіліктерінің, білімдерінің, іскерлік пен жаңа технологиялық әдістемелерді кеңінен қолдануының жемістері болып саналады. Болашақ мамандарды дайындауды өндіріспен ұштастыру колледж базасында оқу машықтануларын өткізетін 5 компьютерлік сыныптарда, слесарлық-механикалық, пісіру, электромонтерлер, ауыл шаруашылық машиналары, аспазшылар, ағаш өңдеу, техникалық қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылуда. Әлеуметтік серіктестікті ұйымдастыру, бітіруші түлектерді ары қарай жұмыспен қамту мақсатында көмектесу қызметінің тиімді жұмыс түрлері мен әдістерінің бірі – «Ашық есік күндері», «Мамандықтар жәрмеңкесі», мамандар шақырылған «Дөңгелек үстелдер», «Мамандығым-мақтанышым» фестивальдері, түрлі конференциялар мен семинарлар, арнайы пәндерден дәрістер мен кездесулер болып табылады. Бұл шаралардың басты мақсаты – білім берудің әр деңгейлері мен өндіріс арасындағы қызметтестікті нығайту, инновациялық қызметті қолдау, әлеуметтік серіктестіктің механизмдегі жаңа әдістерді жасау, мамандарды дайындаудағы әдістер мен әлеуметтік серіктестікті дамыту жолдарын зерттеу.

 

Кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік серіктестіктер мен жұмыс берушілерді белсенді жұмылдыру Еліміздің алға қадам басуына үлкен көмегін тигізуде, бұл сөзсіз. Кәсіптік білім берудің әлемдік тәжірибесіндегі әлеуметтік серіктестікті жүзеге асырудың тиімді жолы ретінде Германияның қос бағытты білім беру – дуалдық жүйесі кеңінен қанат жаюда. Бұл жүйе, өз мәнінде, білім беру мекемесі мен өндірісте қатар білім алуды білдіреді. Осы тұрғыда, атап айтар болсақ, Астана қаласында

 

18.11.2011 жылы өткен «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» атты ІІІ Халықаралық форумында облыстың көрмесін облыстағы үздік әлеуметтік серіктестер қатарына енген «Вест-авто» орталығының жұмысы көрсетілді. Үш жыл көлемінде бұл мекеме басшысы Жарылқасынов Мұрат Болатұлы өз тарапынан лицей оқушыларына өндірістік, дипломалды машықтануын, ал арнаулы пәндер оқытушыларына және өндірістік оқыту шеберлеріне тағылымдамадан өтуіне барлық жағдайларды жасап, ықпалын тигізіп, «Автомобиль жөндеуші слесарь» және «А/ш өндірісінің шебері» мамандығы бойынша сапалы және білікті маман даярлауда өз үлесін қосуда. Бұл орталықта заманауи озық технологиялармен жабдықталған цехтарда оқушылар білікті қызығушылығын білдіріп, мамандығына деген ынтасын артуда.

 

Жыл сайын 160-180 түлек мамандық алып шығуда. Оларды жұмыспен қамтамасыз ету лицей мен жұмыс берушілер арасында жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асырылуда. Сондықтан лицей бітірушілері өз мамандықтары бойынша түгелдей жұмыс орындарына орналасуда. Қазіргі таңда көптеген ірі өндіріс ошақтары лицейге қажетті жұмысшы маман кадрларды дайындауға тапсырыс беруші болып отыр. Олардың арасында: «Мелиоратор» ЖШС, «КСМиК» ЖШС, «Сыр жарығы» ЖШС, «Вест-авто» ЖШС, «Қызылорда жолдары» ЖШС, «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Монтажспецстрой» ЖШС, «Торғай-Петролеум» ЖШС, «ҚазГермұнай» БК ЖШС, «КАМ», «Сырдариямұнай» ЖШС тағы да ірі кәсіпорындар бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location