М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінен құрылған «Шекарашының Жас досы» үйірмесі 06.12. 2017 жылы №2019 әскери бөлімінде әскери Ант қабылдап жас шекарашылардың санын толықтырды.№2019 әскери бөлімінің тәрбие жөніндегі орынбасары подполковник Мұрат Сахратов шекарашының жас достарына , келешекте елін ,жерін қорғайтын нағыз патриот сарбаз болуларына жақсы лебіздерін білдірді.Сонымен қатар биыл шекарашының жас достарының саны , мектеп оқушыларымен толықтырылды.Атап айтатын болсақ №257 ,№172 орта мектеп оқушыларынан құралған үйірмелер колледж студенттерімен бірге Ант қабылдады.