28 Желтоқсан 2018
466

«Кәсіптік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты» тақырыбында VII Еңбек форумы өткізілді.

 

М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі базасында дәстүрлі  облыстық  «Кәсіптік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты» тақырыбында VII  Еңбек форумы өткізілді.

 

Форумға облыс бойынша барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары келіп қатысып, форум аясында жүргізілген төмендегі секциялық жұмыстарында инженер-педагогтардың баяндамалары оқылып, тыңдалды:

 

Секция №1. Тақырып бағыты: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына жолдау  аясында «Білім берудің жаңа сапасын қалыптастыруды және осы саладағы  жүргізілетін тың реформаларды   жүзеге асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту»

 

Секция №2. Тақырып бағыттары «Модульдік-кредиттік технологиялардың талаптарына сәйкес  техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын жаңарту»

 

-ТжКББ ұйымдарына модульдік білім беру жүйесін енгізу

-ТжКББ ұйымдарында қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау

-ТжКББ ұйымдарына дуалдық білім беру жүйесін енгізуде озық  өндірістік-технологиялық үдерістерді  пайдалану»

 

Секция №3. Тақырып бағыты: «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» аясында «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес ТжКББ ұйымдарында тәрбие үдерісін ұйымдастырудың заманауи ұстанымдары.  «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы негізінде білім алушыларды патриотизмге, азаматтық, толеранттылыққа, өмір қиындықтарына шыдамдылық, теріс қылықтардан аулақ болу және көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу».

 

«Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» VII облыстық еңбек форумы аясында техникалық  және кәсіптік білім беру оқу орындарының арасында көрме байқаулары өтті:

 

1.Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнының   әдістемелік- шығармашылық көрмесі. инженер-педагогтердің озат шығармашылық жұмыстарын  және  ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқыту мен тәрбиелеуде қолдану тәжірибесін насихаттау (шығарылған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, авторлық бағдарламалар,  оқу орнынан шығатын газет-журналдар соңғы 3 жыл көлемінде және т.б.)

 

2.Оқу орындарының кәсіби білім беру бағытындағы ерекшелігін айқындайтын  бағдарлы байқау- көрмесі.(Оқу орнының қосалқы шаруашылықтарының ауылшаруашылығы өнімдерін, оқу  шеберханасында өндірістік оқыту шеберлері мен студенттердің қолымен жасалған  өндірістік, технологиялық, қол өнер бұйымдары қойылып, бағаланды)

 

3.«Жас өнертапқыш-2018» техникалық шығармашылық көрмеcі. (Білім алушы студенттердің қолымен жасалған, олардың ойларын, фантазияларын айқындайтын әр-түрлі макеттер, қол өнер бұйымдары, бағдарламалар, құралдар т.б. өнер бұйымдары)

 

Іс-шараға Облыс әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлы келіп қатысып, атқарылған жұмыстарға, оқу орнына оң баға берді.

 

Аталған форум байқауларының қорытындысы бойынша және оқу жылдары барысында жоғары жетістіктерге жеткен инженер-педагогтар марапатталды. Солардың қатарында М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі директоры Кенбаев Бақыт Қуанышбекұлы ««Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен және колледж қызметкерлері М.Дүрманов, С.Ақпанбетов, Ә.Пшановтар  Қазақстан Республикасы  білім және ғылым министрлігінің атынан марапатталды.

 

Форум барысында өткізілген “Үздік  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  оқу орны - 2018»  облыстық  байқауының қорытындысы бойынша М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі жүлделі ІІ-орынға ие болды.

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location