27 Желтоқсан 2018
318

Кітапхана

 

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ауылшаруашылық әдебиеттер және техникалық әдебиеттер  бөлімінде,М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі кітапханасымен бірігіп, 2016 жылдың  22 қыркүйек  күні Елбасымыз             Н. Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық  ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыруға бағытталған 19-шы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ыбырай Жахаевтың туғанына 125 жыл толуына «Ақ күріштен тау тұрғызған нар тұлға.» атты портрет кеші өтті.

 

Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» бойынша, «Достық үйі» этномәдени орталығына ,М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледж студенттерімен экскутсия жүргізілді. Қызметкерлері мен мекеме ішін аралап, әрбір бөлінген  ұлттардың, ұйымдардың салт-дәстүрлерімен танысып, мәдениетін, әдебиетін, әдеп – ғұрыптарымен танысты. Ұлттық киімдері мен қолөнерлерінен мағұлматтар алды.

 

«Азат елдің- Азамат ақыны» Төлеген Айбергеновтің -80 жылдық мерей тойы өтті. Әдеби кештің  жүргізілуі № 1 кітапханасының қызметкерлері ,Ж.Жоланова, А.Наршаева  мен Қызылорда политехникалық колледж кітапханашысы Ералина Жарқын Мұхитовна ақынның шығармаларымен жұмыс және кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. «Ғасырға жол» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу  А.Наршаева жасады. Ж.Жоланова кештің, кітап көрмесінің тақырыбы мен дәйектеме сөз дайындау,безендірілуін жасады.

 

Кітапхананың белсенді оқырмандары Айбергеновтің шығармаларынан өлеңдерінен үзінділер оқиды.

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location