25 Желтоқсан 2018
1028

Колледж тарихы

 

 

«Қызылорда политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

 

 

Колледж тарихы

 

«Қызылорда политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын – агроөнеркәсіп кешендеріне, мұнай-газ, энергетика және көлік, автомобиль, темір жолдары, төтенше жағдай және өрт қауіпсіздігі саласына, шағын және орта бизнес субъектілеріне, құрылыс мамандарын дайындауда облыс деңгейіндегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі қара шаңырақтарының бірі әрі бірегейі.

 

Іргетасы 1955 жылы қаланған, «Десятниктер мектебінен» мамандар дайындаудан бастау алған еді. Бүгінгі күні біздің оқу орнымыз облысымыздың түрлі кешеніндегі білім беру және мамандардың білімін жетілдіру саласындағы ірі оқу орталығына айналып отыр. «Қызылорда политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын 1955 жылы 26 мамырда қала және село құрылысы министрлігінің № 299-санды бұйрығымен «Десятниктер мектебі» болып құрылған. Бүгінде жарты ғасырдан астам тарихы бар оқу орнының атаулары әр мезгілдерде өзгеріп отырған, толығырақ:

 

1966 жылы – СУ – 114, 1970 жылы – ССПТУ – 58 болып өзгертілді. 1979 жылы 15 маусымда жалпы ауданы 7500 шаршы метр болатын, 560 орындық жаңа комплекске көшірілді. 1987 жылы – СПТУ – 9 болып аталды. 1996 жылы 20 ақпанда № 9 техникалық мектеп болып қайта тіркелді. 1999 жылы 4 мамырда № 9 кәсіптік лицей болып қайта тіркеуден өтті.

 

«Қызылорда политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын негізгі оқу-тәрбие жұмысындағы басты міндеті және стратегиялық міндеттерінің бірі – «ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» негізге ала отырып, бәсекелестікке және нарықтық экономика жағдайларына төзе білетін білікті да білімді, жоғары сапалы жұмысшы мамандарды даярлау болып табылады. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Нұртаевтың 2012 жылғы 7 тамыздағы «Кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта атау туралы» № 527 қаулысына сәйкес «№ 9 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда политехникалық колледжі» мемлекеттік мекемесі болып мемлекеттік тіркеуден өтті.

 

Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімі Қ. Е. Көшербаевтың 2013 жылғы 30 желтоқсандағы «Кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта атау туралы» № 435 қаулысына сәйкес Қызылорда политехникалық колледжі» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып мемлекеттік тіркеуден өтті және екі сатылы білім беру кешені, яғни: үздіксіз кәсіптік білім беру мақсатында (бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі) жүйелі түрде жүргізіліп келуде. Мұндай кешенді құрудың басты мақсаты - білім беру жүйесін заман талабына сай жақсарту және жетілдіру, бірпрофильді мамандықтардың білім бағдарламаларын сәйкестендіру болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 4 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес «Қызылорда политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мұстахым Біләлұлы Ықсановтың есімі берілді.

 

 

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location

Мемлекеттік бағдарламалар


Рухани жаңғыру
Жаңғырту 3.0
«Digital Kazakhstan» мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан 2050
Промышленная революция 4.0