14 Маусым 2022
66

Қызылорда облысының білім басқармасы М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі

Қызылорда облысының білім басқармасы

М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі

 

2022 жыл 14 маусым күні «07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы  «3W07161301 Автомобиль жөндеу слесарі» біліктілігі бойынша І-курс білім алушылары Кызылорда қаласы, Бейбарыс Султан көшесі №9а  ғимаратында орналасқан «Hyundai Center Kyzylorda» автосалонына экскурсияға барды.

Мақсаты - білім алушыларды мекеме құрылымымен, көлік жөндеу бөлімі жұмыс орындарымен таныстырып, болашақ мамандықтары бойынша кең мағлұмат беру.

Экскурсияға білім алушыларды оқу тобының өндірістік оқыту шеберлері Пшанов Алипжан, Сейтпембетова Рысай және аға шебер Дүрманов Марат, колледж әдіскері Бегайдаров Самат ерітіп барды.

«Hyundai Center Kyzylorda» автосалоны - Қызылорда қаласындағы Hyundai ресми дилері, негізінен жаңа автокөліктерді сату, айырбастау бағдарламалары бойынша сауда-саттық және автокөліктерді жөндеу жұмыстарымен айналысады. Мекемеде жоғары білікті кәсіби мамандар мен шеберлер жұмыс жасайды.

Аталған мекеме оқу орнының білім алушылары өндірістік, дипломалды тәжірибелерінен өтетін, көпжылдан бергі әлеуметтік әріптес серіктесі.

Автосалонда басшылық өкілі күтіп алып, автокөліктерді сату, жөндеу бөлімдерімен толық аралатып, соңғы үлгідегі құрал жабдықтарымен таныстырды. Білім алушылар жұмыс орындарын қызыға жүріп аралап тамашалады, мекеме мамандарына өздерінің сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Колледж әкімшілігі

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location