30 Маусым 2022
43

М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде бітіруші түлектерге диплом тапсыру рәсімі болып өтті

Ақ жол саған ЖАС ТҮЛЕК! деген ұранымен үстіміздегі жылдың 25 маусым күні М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде бітіруші түлектерге диплом тапсыру рәсімі болып өтті. Іс-шараға колледж ұстаздары, жұмыс берушілер, бітіруші түлектер және ата-аналар қатысты.
Рәсімде колледж директоры Кенбаев Бақыт Қуанышбекұлы бітіруші түлектерге үлкен өмірге басқан қадамдарына сәт сапар тілеп, диплом табыстады.
Алғаш диплом алу сәтін қазіргі таңда әскери борышын өтеуге кеткен бітіруші түлектердің ата-аналарынан бастады. Сонымен бірге колледж қабырғасында үлгілі тәртібімен көзге түсіп үздік оқып жетістікке жеткен бітіруші түлектердің ата-аналары алғыс хаттармен марапатталды. Шара барысында ата-аналар, бітіруші түлектер сөз алып колледж басшылығына, білім берген ұстаздарына өз алғыстарын айтып жылы лебіздерін білдірді. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location