12 Желтоқсан 2016
535

Үздік газбен және электрмен дәнекерлеуші - 2016

 

2016 жылы 9 желтоқсан күні Қызылорда политехникалық колледж базасында, Облыстық техникалық  және кәсіптік білім беру оқу орындарының өндірістік оқыту шеберлері  арасында  «Үздік газбен және электрмен дәнекерлеуші  - 2016» мамандығы бойынша облыстық байқау өткізілді. Байқауды арнайы жоспарға сай Облыстық білім басқармасы, Облыстық оқу орталығы «Техникалық және кәсіптік бөлімі» ұйымдастырып өткізді. Байқауға жалпы облыс бойынша 9 колледжден аталған мамандық бойынша өндірістік оқыту шеберлері келіп қатысты.

 

Оқу орны

Қатысушының

аты – жөні

1

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі

Назарұлы Дәулет

2

Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі

Томанов Балтабай

3

Қазалы аграрлы-техникалық колледжі

Піржанов Әділжан

4

Қазалы –көлік техникалық колледжі

Айқожа Сапар

5

Арал индустриалды-техникалық колледжі

Ахметов Ербол

6

Қызылорда политехникалық колледжі

Жүзбенбетов Батырбек

7

Жалағаш  индустриалды-аграрлық техникалық колледжі

Кішкенбаев Сәбит

8

Сырдария  аграрлы-техникалық колледжі

Тансыкбаев Нурхан

9

Жаңақорған аграрлық –техникалық колледжі

Омаров Қайрат

 

Байқау ережесіне сәйкес бірінші қатысушылардан теориялық білімдерін тексеру үшін тест алынды. Сонымен қатар өндірістік оқытудағы жұмыс нәтижелерін, жетістіктерін байқау үшін әкелінген жеке портфолиелері тексерілді. Одан кейін арнайы мамандық бойынша қатысушыларға практикалық қабылеттерін тексеру үшін тапсырма беріліп, белгіленген уақыт бойынша орындалды.

 

Байқауға әділ қазылық ету үшін арнайы мамандар шақырылып, байқау қорытындысы төмендегідей түрде шығарылып, қатысушылардың барлығына алғыс хаттар, сыйлықтар беріліп,  төмендегідей түрде марапатталды:

 

І-орын: Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі өндірістік оқыту шебері Назарұлы Дәулет;

ІІ-орын: Қазалы –көлік техникалық колледжі өндірістік оқыту шебері Айқожа Сапар;

ІІІ-орын: Қазалы аграрлы-техникалық колледжі өндірістік оқыту шебері Піржанов Әділжан;

ІІІ-орын: Қызылорда политехникалық колледжі өндірістік оқыту шебері Жүзбенбетов Батырбек;

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location